Жер бетінде 6 миллиардтан астам адам өмір сүреді.
지상에서 60억보다 많은 인간이 살고 있습니다.
Бәрінің дене құрылымы мен мүшелерінің қызмет етуі негізінен бірдей болып
келеді.
모두의 몸의 구조와 신체 부위들이 활동하는 것은 본질적으로
동일합니다.
Бірақ олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады.
그러나 그들 각각에게는 자신에게 고유한 특성들이 있습니다.
Біздің шашымыз бен теріміз, көзіміздің пішіні, құлақтарымыз, мұрнымыз,
бет пішінімізде айырмашылық бар.
우리들의 머리카락과 피부, 눈의 모습, 우리들의 귀, 코, 얼굴 모습에서
차이가 있습니다.
Судың тамшысындай ұқсас адам жоқ.
외형이 완벽히 똑같은 사람은 없습니다.
Бір отбасының адамдары басқаларына қарағанда ұқсас болып келеді.
한 가족의 사람들은 다른 사람들에 비해 비슷합니다.
Егіздер біршама ұқсастыққа ие.
쌍둥이는 어느 정도 비슷합니다.
단어
құрылым 1. 구조, 구성 2. 편성, 형성 айырмашылық 구별, 다름, 차이, 차별
егіз 1. 한 쌍, 쌍둥이 2. 평행의. 상응한, 일치한. 서로 비슷한, 같은 모양의
судың тамшысындай 외모가 완벽히 똑같은 пішін 형, 형태, 외관 біршама 어느
정도, 다소, 조금, 약간
=====
Адамның дене мүшелері: бас, қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс.
사람의 신체 부위들은 머리, 손, 발, 눈, 코, 입, 혀, 치아입니다.
Адам баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді,
ауызбен тамақ ішеді, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен
жүреді, қолмен ұстайды, еңбек етеді, жұмыс істейді.
사람은 머리로 생각하고, 눈으로 보고, 코로 숨을 쉬고, 귀로 듣고, 입으로
음식을 먹고, 혀로 말하고, 치아로 음식을 씹고, 발로 걷고, 손으로 잡고,
일하고, 근무합니다.
단어
шайнау 1. 씹다, 깨물다 2. 쏠다, 갉다, 물다
=====
Дене мүшелері неден тұрады?
신체 부위들은 무엇으로 구성되나요?
Адамдар толық, қалыпты немесе арық болуы мүмкін.
사람들은 뚱뚱하거나, 평범하거나 또는 날씬할 수 있습니다.
Бірақ әр адамның басы, тұлғасы, қолдары, аяқтары болады.
그러나 모든 인간은 머리, 몸통, 손들, 발들이 있습니다.
Олардың барлығы бір бүтін денені - біздің организмімізді құрайды.
그것들 모두가 있는 한 전체의 몸은 우리들의 우리들의 신체를
형성합니다.
Дененің мүшелері әр түрлі қызмет атқарады.
신체 조직들은 모두 다양한 역할을 실행합니다.
Шаш біздің басымызды қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайды.
머리카락은 우리들의 머리를 겨울에 추위로부터, 여름에 더위로부터
보호합니다.
Біздің басымыз мойынға орналасқан.
우리들의 머리는 목에 자리잡고 있습니다.
Мойын қозғалады, сондықтан басымызды алға, артқа иеміз және жанжағымызға
бұра аламыз.
목은 움직이고, 그래서 우리들의 머리를 앞으로, 뒤로 굽히고, 우리들의
주변으로 방향을 바꿀 수 있습니다.
Біздің қолдарымыз иіледі және жазылады.
우리들의 손은 굽히고 쓰입니다.
Біз онымен заттарды оңай алып, қолымыздың саусақтарымен ұстаймыз.
우리들은 그것으로 물건들을 쉽게 잡고, 우리들의 손가락들로
붙잡습니다.
Аяқтарымыз табанмен аяқталады.
우리들의 발들은 발바닥으로 끝납니다.
Табанға сүйеніп жеңіл тұра аламыз.
우리들은 발바닥에 기대에서 쉽게 설 수 있습니다.
Мықты аяқтарымыздың көмегімен жүреміз, секіреміз.
강한 우리들의 발들의 도움으로 우리들은 걷고, 껑충 뜁니다.
단어
тұлға 몸, 신체 бүтін 모든, 전체의, 온 организм 육체적 구성, 신체 бұру
다른 방향으로 돌다, 방향을 바꾸다 мықты 힘 있는, 강력한, 강한
문법
- ию 는 현재미래시제에서 ие + 인칭접사 형태로 변한다.
댓글 쓰기